Жеңісіне сенбейтін Құсайынов президенттікке кандидат болып тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңісіне сенбейтін Құсайынов президенттікке кандидат болып тіркелді

Жеңісіне сенбейтін Құсайынов президенттікке кандидат болып тіркелді

Президент болудан үміті бар кандидаттар қатарына Әбілғазы Құсайынов қосылды. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен коммунист Тұрғын Сыздықовқа саяси додада ресми қарсылас. Орталық Сайлау комиссиясы оны кандидат ретінде тіркеуге қаулы шығарып, бүгін қолына куәлігін табыс етті.

  • 19 Наурыз 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

Кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов өткен аптада ғана мемлекеттік тілден емтиханды беске тапсырған болатын. Ширақ қимылдаған Құсайынов бар болғаны бір апта ішінде Орталық сайлау комиссиясына қажетті  93 мың емес, 132 мың қол жинап әкеліпті. Өзінің және зайыбының табысы, мүлік туралы декларациясын тапсырып, 1 миллион  теңгеге жуық  жарнасын  да төлеп тастады.Табан астында таққа таласамын деп шыға келген экс-министр, аз-кем Қарағанды облысын басқарған Құсайынов өзі жеңіске жете қоятынына сенбейді. Сондықтан  өзі басқаратын кәсіподақ ұйымы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаймыз деп отыр.