Елімізде полиция тоқтатқанда жүргізушіге көліктен шығып, сақшымен сөйлесуіне рұқсат етілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде полиция тоқтатқанда жүргізушіге көліктен шығып, сақшымен сөйлесуіне рұқсат етілуі мүмкін

Елімізде полиция тоқтатқанда жүргізушіге көліктен шығып, сақшымен сөйлесуіне рұқсат етілуі мүмкін

Мәжіліс өздері қабылдаған заңға қарсы шықты. Депутаттар енді «Жол қозғалысы туралы» кодекстен жол полициясының рұқсатынсыз жүргізуші көліктен шығуға болмайды деген бапты қайта алып тастамақ. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл құжат 2 ай бұрын күшіне енген еді.

  • 19 Наурыз 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Депутаттар асығыстық жасағандарын түсінгендей. Енді сол шикіліктерін жуып шаюға жанталасып жатыр.  Қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заң бойынша, жол полициясы көлікті тоқтатқанда жүргізуші сақшының рұқсатынсыз сыртқа шықпауы қажет. Яғни, машинасында отырып, қасына инспектордың өзі келгенше күтуі тиіс-тін. Бірақ, бір мезетте бірнеше көлікті тоқтатқан полиция әрқайсымызға жеткенше ұзақ уақыт жоғалтамыз деген жүргізушілер бұл талапқа жаппай қарсылық білдіруде. Сонымен қатар, аяқ асты өзгеріп шыға келген халық қалаулылары 12 жасқа дейінгі балаларды автокресломен алып жүруге салынған тыйымды да қайта қарауымыз мүмкін деп отыр. Әзірше, инспектор тоқтатқанда, жүргізушінің қалайда көліктен шығуын заңмен бекітіп алмақ.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Ұзаққа  созылып кететін кездер болады.Сондықтан жүргізушілер бізге осындай өтінішпен шықты талапты алып тастау туралы. Екіншіден, олар түрмеде емес қой, шығып, әңгімелесіп, күтуге мүмкіндік беруіміз керек.