Мас күйінде төбелес шығарып, такси жүргізушісін пышақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас күйінде төбелес шығарып, такси жүргізушісін пышақтады

Мас күйінде төбелес шығарып, такси жүргізушісін пышақтады

БҚО прокуратурасы төбелес шығарып, адам өлтіруге оқталған А.Әбішев пен оның сыбайласы Р.Есмұхановтың ісін сотқа берді.

  • 19 Наурыз 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz


Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Әбішев өзінің танысы Р.Есмұхановпен мас күйінде Оралдағы С.Датұлы көшесі бойында «Тамаша» дәмханасының жанында түн тыныштығын бұзып, екі адаммен төбелескен. Әбішев жәбірленушінің біреуіне пышақ жұмсап, таксимен сытылып кетпек болған оларды қуып жеткен. Сосын бұзақылық оймен такси жүргізушісінің ішіне алты мәрте пышақ сұққан. Жедел көрсетілген медициналық жәрдемнің арқасында ғана жәбірленушілер аман қалған.