деп хабарлайды «Франс-24» телеарнасы.
Содырлардың екеуі оққа ұшып, үшіншісі қамауға алынды.
Тунистің кімет басшысы Хабиб Эсидтің айтуынша, осы оқиғаға қатысы бар екі-үш қылмыскер қашып кеткен болуы мүмкін.
Террористердің шабуылы салдарынан Тунистің екі азаматы, Польша, Испания, Италия мен Германияның 17 азаматы көз жұмған.
Польша СІМ хабарлауынша, мұражайдағы оқиға кезінде кем дегенде төрт поляк, жеті неміс азаматы мерт болған.
Сәрсенбі күні Тунисте парламент ғимараты аумағында атыс басталғаны хабарланған болатын. Кейін белгілі болғандай, әскери киім киген үш адам парламент жанындағыБардо мұражайына баса-көктеп кіріп, автобустан түсіп жатқан туристерге оқ жаудырған.
Тунис премьерінің сөзіне қарағанда, жарақат алған 24 адамның 22-сі шетелдіктер.

