Ол тәулігіне 5 тонна қымызды ыдысқа құйып дайындайды. Бұл туралы шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманова хабарлады.
«Қондырғыны сатып алуға және орнатуға жұмсалған 5 млн теңгені «Даму Өндіріс» бағдарламасы арқылы алдық», — деді Т.Құшманова.
Оның айтуынша, сусын Қытайдан әкелінген шыны ыдыстарға құйылады. Бұрын қымыз пластик ыдыстарға құйылатын. Тәулігіне 1 тонна қымыз сатуға дайындалып келген көрінеді.
Өткен жылы шаруа қожалығы Ресейге қымыз жеткізу туралы меморандум бекітті. Қазір қымыз сол келісім негізінде Новосібір мен Омбыға жөнелтіліп отырады.
Шаруа қожалығындағы жылқы саны 400 бастан асады.