ЕҚДБ 2018 жылға дейін Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қаржы бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚДБ 2018 жылға дейін Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қаржы бөледі

ЕҚДБ 2018 жылға дейін Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қаржы бөледі

Еуропаның қайта құру және даму банкі Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға 41 млн доллар бөледі.

  • 19 Наурыз 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау департаменті директоры Ғалия Жолдыбаева хабарлады.
«Ұлттық экономика министрлігі банкпен шағын және орта бизнеске қолдау жобаларын іске асыру туралы келісім бекітуді жоспарлап отыр. (…) Бизнестегі әйелдерді қолдау бағдарламасы бойынша кәсіпкер қыз-келіншектерге 41 млн доллар несие беруді қарастырады», — деді ол ЕҚДБ-нің бизнестегі проблемалар жөніндегі форумында.
Бағдарлама шеңберінде консалтингтік қызмет түрлерін көрсету, 750 кәсіпкер әйелге тренингтер мен семинарлар, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін курстар ұйымдастыру жоспарланған.