Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады.
«Қазір Қытай жағы индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 44 жобаны қаржыландыру мәселесін талқылап жатыр», — деді ол сәрсенбі күні Атырау облысы кәсіпкерлерінің отырысында.
«Қытай заманауи қондырғылар жасауды әлдеқашан меңгеріп алды. Біз үшін инновациялық болып табылатын дүниелер оларға қатардағы қондырғы болып табылады. Олар бұл қондырғыларды көптеп шығаруға дайын», — деп қосты Т.Құлыбаев.
Ол қазақстандық кәсіпкерлерді жаңа өндіріс орындарын ашып, өндіріс аясын кеңейту жағын ойластыру қажеттігін құлаққағыс етті.