Джордж Крол: АҚШ-тың “әлемді жаулап алу жөнінде ешқандай жоспары жоқ” - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джордж Крол:  АҚШ-тың “әлемді жаулап алу жөнінде ешқандай жоспары жоқ”

Джордж Крол: АҚШ-тың “әлемді жаулап алу жөнінде ешқандай жоспары жоқ”

АҚШ-тың “әлемді жаулап алу жөнінде ешқандай жоспары жоқ”, - деп мәлімдеді Қазақстандағы Құрама Штаттардың жаңа елшісі Джордж Крол.

  • 19 Наурыз 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz


"АҚШ түсті революцияларды арандатып отыр”, деген айыптаулармен келіспеймін.Әрине, мен бұл жайында көп естимін. Бірақ іс жүзінде бұл сол оқиғалар орын алған мемлекеттердің ішкі саясаты”, деді ол.
АҚШ істерімен бұрынғы Кеңес Одағы аумағында айналысқан және айналысып отырған адам ретінде мұның сандырақ сөздер екендігін айтқым келеді”, деді Д.Крол Астанада сәрсенбіде бірқатар халықаралық агенттіктердің “АҚШ болып жатқан түсті революциялар үшін жауапты ма, сол туралы пікіріңіз қандай”, деген сауалдарына жауап берген кезінде.
"Біз ол оқиғаларды бастаған жоқпыз, олардың саяси астары бар”, деді ол.