Жезқазған аймағын заманауи әдістермен зерттеуге 38-40 млн доллар қаржы қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазған аймағын заманауи әдістермен зерттеуге 38-40 млн доллар қаржы қажет

Жезқазған аймағын заманауи әдістермен зерттеуге 38-40 млн доллар қаржы қажет

 Жезқазған аймағын заманауи әдістермен зерттеу құны 38-40 млн долларды құрауы мүмкін.

  • 19 Наурыз 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ бас геологы Берікбол Хамзин хабарлады.
«Жезқазған аймағында тұңғыш рет аса жоғары дәлдіктегі магнитті спектрометриялық және электромагнитті барлау жүргізіледі. Бұл жұмыстардың жалпы құны 38-40 млн долларға жуықтауы мүмкін деген болжам жасап отырмыз», — деді ол бейсенбі күні Minex Central Asia форумында.
«Біздің компания Жезқазған аймағын дамыту жөніндегі кешенді жоспар негізінде 137 мың шаршы метр аймақты заманауи тәсілдермен аэрогеофизикалық зерттеуге өтініш беріп қойды», — деп түсіндірді Б.Хамзин.
Айтуынша, өтініш өткен жылы қаралған.
«Бұрын-соңды Жезқазғанның жер қойнауы тереңірек барланған, зерттелген жоқ. Бұл тәсілдердің оң нәтиже беретініне сенімдіміз», — деп қорытты Б.Хамзин.