ЕЭК мен ҚХР арасында тауарлар туралы ақпарат алмасуға қатысты келіссөздер басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕЭК мен ҚХР арасында тауарлар туралы ақпарат алмасуға қатысты келіссөздер басталды

ЕЭК мен ҚХР арасында тауарлар туралы ақпарат алмасуға қатысты келіссөздер басталды

17-18 наурыз күндері Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Қытай Халық Республикасының арасында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау тауарлары мен көлік құралдарына қатысты ақпарат алмасу туралы Келісім орнату туралы келіссөздердің бірінші раунды өтті.

  • 20 Наурыз 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz


Келіссөздердің өткізілуіне 2012-2014 жылдар ішінде сарапшылар деңгейінде өткен бірқатар бейресми жұмыс кездесулер себеп болды. 

Келіссөздердің бірінші раундында Одақ делегациясының құрамына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарының өкілдері кірді. Қытай Халық Республикасының атынан келіссөздерге ҚХР Бас кедендік басқармасы мен ҚХР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілдері қатысқан. 

«ЕАЭО тарапынан ақпараттық өзара әрекеттестік Одаққа мүше барлық мемлекеттердің мүддесіне қарай іске асырылады. Келіссөздердің нәтижесінде тараптар ҚХР мен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер арасында кедендік ынтымақтастықты кеңейту, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және тауарлар мен көлік құралдарының кедендік мағлұмдалуын қамтамасыз ету арқылы сауданы жеңілдету және дамытуға көмектесетін өзара тиімді Келісімді орната алады», — деп атап өтті ЕАЭО делегациясын басқарған ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скиба. 

Тараптар келіссөздердің келесі кезеңдерін өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін қарастырып, Келісім жобасы мәтінінің соңына дейін аяқталуына жауапты Комиссияны анықтады. 

Келіссөздердің екінші кезеңін 2015 жылдың мамыр айында ҚХР-да өткізу жоспарланып отыр.