Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің туғанына - 100 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің туғанына - 100 жыл

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің туғанына - 100 жыл

 Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі - Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.   Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы.  Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

  • 20 Наурыз 2015
  • 761
Фото - Caravan.kz

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов  1915 жылы 20 наурызда қазіргі Ақмола облысы Аршалы  ауданы Бабатай ауылында дүниеге келген.

Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.  

1934- 1939 жылдары Бейнетқор  ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі, 1939 — 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 — 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы  бөлімінің меңгерушісі, 1947 — 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 — 1952), 1952 — 1955 жылдары Ақтөбе облысы  партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 -19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 — 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге , Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында "қазақ ауылын" құрды деп айыпталды.  «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, "Социалистік Қазақстан" газетін "Казправданың" аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды.  «Ұлтшыл» деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 — 1975 жылдары Шымкент  (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы  талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі»  ордендерімен марапатталған.

1986 жылы 18 қарашада Шымкент қаласында дүниеден өтті. Қала көшелерінің біріне оның есімі берілді, мүсіні орнатылды. Астанада Ж. Тәшенов көшесі бар. Оның қайраткерлігі туралы «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі түсірілген.