В. Путин Қазақстанда президенттік сайлау өткізу шешімін толық қолдап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В. Путин Қазақстанда президенттік сайлау өткізу шешімін толық қолдап отыр

В. Путин Қазақстанда президенттік сайлау өткізу шешімін толық қолдап отыр

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімді қолдайтындығын айтты.

  • 20 Наурыз 2015
  • 533
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев хабарлады.

«Жаңа ғана Владимир Путин телеарналарға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға қатысу туралы шешімін толық қолдайтындығын мәлім етті»,-деді Д. Абаев.

Әлемде біздің ерекше назарымызды қажет ететін күрделі проблемалар аз емес. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлім етті.

«Осы кездесуді өткізіп, ағымдағы мәселелерді талқылау бастамасымен шақырғандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Мен әрдайым Қазақстанға үлкен қуанышпен сапарлаймын. Себебі, біз үшін ең жақын серіктестердің, одақтастардың бірі болып табыласыздар. Шынымен де әлемдік экономикадағы ахуал күрделі. Алайда Сіздің тікелей қатысуыңызбен Қазақстанда және барша посткеңестік кеңістікте құрылған экономиканың, әлеуметтік саланың қызмет ету негіздері бұл қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенімдімін. Әрине, бұл бағыттағы шараларды бірлесе атқарсақ, бүгінде қалыптасқан жағдайдан шығу жеңілдеу болады»,- деді РФ басшысы.

Ресей Президенті интеграциялық мәселелер бойынша талқылаулар қажет екенін, сонымен қатар әлемдегі күрделі проблемаларға да ерекше назар аудару керектігін атап өтті.