2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты үлкен сын күтіп тұр - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты үлкен сын күтіп тұр - Н. Назарбаев

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты үлкен сын күтіп тұр - Н. Назарбаев

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты үлкен сын күтіп тұр. Бүгін Ақордада Қазақстан, Беларусь және Ресей басшыларының үшжақты кездесуі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 20 Наурыз 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі дағдарыс ол әсіресе өңірлік, және де әлемдік болып табылады. Оның туындауына біздің энергия тасымалдаушылар мен тауарларға бағаның күрт төмендеуі әсер етті. Осыған байланысты Еуразиялық одақта да тауар айналымы төмендеді. Біз бұндай тәуекелдер болуы мүмкін екенін білдік. Осы орайда біздің мақсатымыз тиісті келісімдер жасап, біздің үкіметтер іскерлік түрде барлық іс-қимылдарды талқылауға негізделуі керек. Менің ойымша, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ үшін үлкен тәуекелдер мен сын-қатерлер бар»,-деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы санкциялары Ресейге және ЕАЭО-ның өзге елдеріне әсер етіп отырған украиналық дағдарыс мәселесі бойынша пікір алмасу маңызды екенін атап өтті.