Gazeta.kz жаңалықтар порталы оқырмандарын Наурыз мерекесімен құттықтайды! - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Gazeta.kz жаңалықтар порталы оқырмандарын Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Gazeta.kz жаңалықтар порталы оқырмандарын Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Gazeta.kz  жаңалықтар порталы  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

  • 20 Наурыз 2015
  • 766
Фото - Caravan.kz

Жер дүниені жаңартып, жылулық пен үмітке толы көктем мерекесі еңбегіңізге табыс әкелсін. Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Әр уақытта табысты болыңыздар!

Самарқанның жібігенде көк тасы

Әз Наурызды күтер әрбір отбасы.

Уа, халайық, осы күні мейірмен

Әрбір үйге маздақ болар шоқ тасы.

Сөйтіп елім сілкінсінші ғажайып,

Өкпе деген кетсін нұрмен азайып.

Төрлет, Наурыз, Күнмен бірге жадырап,


Жазғытұры тойын жарқын жазайық!

Әз Наурыз құт берсін, үйлеріңе уыздайын сүт келсін, кітаптарың алтын мен күмістейін түптелсін, иә, Наурыз Көктен келген күш дерсің! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын, тіл үйірте дәмдерің тәтті болсын, қадамдарың қарышты, әрқашан да сәтті болсын!