Соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлерімен қарапайым көрермен бұл күні Астана Операның солисті Әлфия Кәрімова, есімі әлемге мәшһүр пианиношы Тимур Орманшиев және жас талант, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаевтың өнеріне қанық болды. Шымкентте жиі бола бермейтін классикалық ән кешін «Дегдар қоры» ұйымдастырған. Мұнымен қатар, гуманитарлық ұйым Шымкенттегі 193 майдангердің үйіне барып, азық-түлік таратты.