Атырау облысында балықшыларды іздеуге шыққан туыстары өздері адасып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында балықшыларды іздеуге шыққан туыстары өздері адасып қалды

Атырау облысында балықшыларды іздеуге шыққан туыстары өздері адасып қалды

Атырауда адасып кеткен балықшыларды іздеуге шыққан туыстары да жоғалып кете жаздады. Бесікті ауылының қос тұрғыны мотоциклмен Каспий теңізіне балық аулауға шыққан екен. Бір тәулік өтсе де оралмаған азаматтарды кейін туыстары іздеуге шығып, олар да із-түссіз кеткен.

  • 21 Наурыз 2015
  • 216
Фото - Caravan.kz

Бір тәулік бойы 4 адамнан хабар-ошар болмағасын дабыл қағылып, полицияға хабарланыпты. Іздеу жұмыстарына құтқарушыларымен қатар тұрғындар да атсалысып, маңайды 60 адам түгел тінтіп шыққан. Ақыры тікұшақ тартуға тура келді. Жоғалғандар сол әуе көлігінің арқасында Каспий теңізіндегі «Новинский» аралдарының маңынан табылды. Барлығы дін аман. Айтуларынша, әуелі мініп шыққан көліктері, кейін JPS-навигатор істен шығып, бағыттарынан жаңылған екен.