Ал бақылау ісі «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығымен бірлесе атқарылады. Бұл – бұған дейін Парламент сайлауында экзит-полл жасаған ұйым. Жоспар бойынша, осы жолы 20 мыңнан астам адамға сауалнама жүргізіледі деп күтілуде. Бұл шашамен ел аумағындағы 200 дауыс беру пунктін қамтиды. Сондай-ақ, ақпараттар тікелей эфир арқылы таратылып отыратын болады. Тілшілердің қатысуымен сайлау орталығында маниторинг жүргізу шарасы елімізде тұңғыш өткізілгелі отыр.
Қанат Сахариянов, «КТК» АҚ бас директоры:
— Биыл біз сайлау туралы кеңінен ақпарат таратып қана қоймай, оған тікелей қатысуға да ниет танытып отырмыз. Яғни бақылаушы міндетін атқармақпыз. Оған қаржымыз да, шамамыз да жеткілікті. Және сайлау алды әлеуметтік-сараптамалық сауалнамаларды да жүргізетін боламыз.