Петропавлда тұмау өршіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда тұмау өршіп кетті

Петропавлда тұмау өршіп кетті

Теріскейде тұмау өршіп тұр. Өңірде жедел респираторлық вирус жұқтырғандар саны былтырмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ал тұмауратқандар тіпті екі есе көп. Бұған қыстың жылы болуы мен адамдардың өз денсаулығына немқұрайды қарауы себеп. Мамандардың айтуынша, вирустың биылғы штамы ағзадағы түрлі ауруларды асқындырып жатыр.

  • 21 Наурыз 2015
  • 307
Фото - Caravan.kz

Қыс неғұрлым қатты болса, тұмау соғұрлым аз таралады екен. Өйткені ауру қоздырғышы қатты аязға шыдамайды. Ал Қызылжарда биыл тұмаудың қарқынмен өршуіне сол қыстың жылылығы себеп.

Әубәкір Өмірәлиев, инфекционист-дәрігер:

-Күн сәл жылыса болғаны, тұрғындар жеңіл киіне бастайды. Тоңған ағза қоздырғышқа төтеп бере алмай, салдарынан адам алдымен жедел респираторлық вирусты жұқтырады. Егер оған тұмаудың қоздырғышы қосылса, түрлі асқынулар болуы мүмкін.

Былтыр күзде өңірде тұмауға қарсы жаппай екпе жүргізілгенде мамандар 65 мың адамға оны тегін жасаған. Ал екпені өз ақшасына салдыруға тұрғындар құлық таныта бермейді екен.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Тұмауға қарсы екпе айналасы мың жарым теңге  тұрады. Бірақ оны өз ақшасына салдырғандар бірді-екілі ғана. Адамдардың өздері денсаулықтарына немқұрайды қарайды.   

Мамандар биылғы тұмаудан түрлі асқынулар көп дейді. Сандуғаш Тілеубаеваның 16 жасар ұлы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бір ай бойы учаскелік дәрігердің жазып берген емін қолданған бала ақ халаттының қателігінен ауыр халге түскен.


Сандуғаш Тілеубаева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Тұмаудан  асқынып кеткен. Алдын алатын болғанда бұндай жағдайға әкелмес еді. Өкпесі сырылдап бүйрегіне де әсер беріп тұр.

Теріскейде екі адамның тұмаудан көз жұмғаны туралы қауесет тарап кеткен. Тек дәрігерлер бұл ақпаратты растамады. Десе де тұмауратқандар былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға көп. Биыл 13 мың адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ал үйден емделіп, есіпке ілінбей қалғаны қаншама.