Семейлік тәртіп сақшылары саудагерлермен күреске шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік тәртіп сақшылары саудагерлермен күреске шықты

Семейлік тәртіп сақшылары саудагерлермен күреске шықты

Семейде бүтін бір көше жайма базарға айналған. Өйткені саудагерлер дүкеніне сыймаған тауарды жол жиегіне шығарып сатады. Салдарынан мұнда көлік қозғалысы қиындап кеткен. Полицейлер оларды қайта-қайта тәртіпке шақырып, айыппұл салғанымен заңға бағынатын кәсіпкер болмай тұр.

  • 21 Наурыз 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бұл – Семейдің орталық көшелерінің бірі. Жол жиектері түрлі тауарға толып, кәдімгі базарға айналып кеткен. Тәртіп сақшылары да бұларға ескерту жасаудан жалықпайды. Бүгін кезекті рет базарға бас сұқты.

— Не үшін шығарып қойдыңыз?

– Мен осы жерде тұрмын ғой.

– Ішіне кіргізіп тұрыңыз.

Полицейлердің ескертуінен кейін саудагерлер дүкеніне сыймаған тауарларын тығып әлек болды. Ал кейбірі сатуға шығарған тауарларын тастап, қаша жөнелген. Мұнда қала тұрғындары көптеп келеді. Әсіресе, зейнеткерлердің қарасы көп. Себебі баға біршама арзан. Сондықтан болар, тұрғындар саудагерлерді қорғаштап жүр.

Алла Сапкулова, Семей қаласының тұрғыны:

-Бұлар кімге кедергі келтіріп тұр? Жұмыс жасап, ақша тауып жүр. Бағасы тиімді. Заңды айтып сайрағанша, оларды қолдамай ма?

Тәртіп сақшылары олардың жұмысына кедергі келтірмейміз, тек көлік тұрақтары мен тротуарларды босатсын ,- дейді.


Мейірғазы Мәсәлімов, Семей қалалық ІІБ инспекторы:

-Бұл үшін әкімшілік айыппұл 5 айлық есептік көрсеткіш саламыз бірінші рет. Егер бір жылдың ішінде қайталанатын болса, 10 айлық есептік көрсеткіш саламыз.

Бүгінге дейін мұнда 25 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Алайда айыппұл төлегендерге бұл сабақ болмаған сыйңайлы.

-Бірнеше сағаттың ішінде тәртіпті бұзған 120-ға жуық саудагер анықталды. Алайда тәртіп сақшылары барлығына бірдей айыппұл салмады. Кейбірі бүгін ауызша ескертумен құтылды. Егер ережеге қайшы әрекет қайталанса, міндетті түрде әкімшілік жаза қолданылады деп отыр полицейлер.