Бұған дейін хабарланғандай, ұшақ апатында қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар да бар. Олар: «Қазцинк» ЖШС директорының орынбасары Айжан Исенғалиева, оның жолдасы Ербол Иманқұлов және ұлдары — Әділ.
«Қазцинк» ЖШС атқарушы директоры Андрей Лазаревтің айтуынша, қаза тапқан Айжан Исенғалиева компания қызметкерлері және олардың отбасыларының демалысын ұйымдастырумен айналысқан.
Ербол Иманқұлов та бұрын «Қазцинкте» қызмет етіп, «Жаңа металлургия» мыс зауыты жобасына жетекшілік жасаған. Жоба аяқталған соң, Қарағандыдағы «Тау-Кен Темір» компаниясын басқарады.
Халықаралық және өзгеде қажетті құжаттар толтырылған соң мәйіттерді Қазақстанған жеткізу және жерлеу рәсімдері компания тарапынан ұйымдастырылатын болады. Сондықтан, «Қазцинк» компаниясы ҚР СІМ дипломатиялық қызметімен және рейсті орындаған әуекомпания өкілдерімен тығыз байланысып отыр.
Айжан Исенғалиеваның таныстарының айтуынша, Өскеменде виза рәсімделмегендіктен қаза тапқан отбасының 14 жастағы қызы Испанияға кете алмай, аман қалған.