ҒАЛЫМДАР: Баланың ақыл-парасаты ата-анасының білімімен байланысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҒАЛЫМДАР: Баланың ақыл-парасаты ата-анасының білімімен байланысты

ҒАЛЫМДАР: Баланың ақыл-парасаты ата-анасының білімімен байланысты

Ғалымдар баланың ақыл-парасатының деңгейі туралы екі түрлі болжам айтады: бірі оны генетикасымен байланысты десе, екінші тобы баланың зердесіне сыртқы факторлардың әсері бар деген болжам айтуда.

  • 26 Наурыз 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

Вирджиния университеті мамандарының соңғы зерттеулері білімді ата-анадан туған баланың ақыл-парасаты да жоғары болып келетінін дәлелдеді.

Мамандар Швециядағы 436 ер адамның IQ деңгейін салыстырды. Олар екі бөлек отбасында тәрбиеленген ағайынды балаларды зерттеген. Бірінші топтағы балалардың биологиялық ата-анасы бар болса, екінші топ — асырандылар. Нәтижесінде18-20 жастағы  асыранды балалардың ақыл-парасатының деңгейі екінші топтағы балаларға қарағанда 4,4 пункт жоғары болған. Швецияда басқа мемлекеттердегідей бала асырап алушылар көп. Сондықтан да оған қойылатын талаптар да жоғары болып келеді.

Зерттеуге қатысқан бала асырап алушы ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен білім деңгейі анағұрлым жоғары болған, ал бұл баланың ақыл-парасатына тікелей әсері бар,деп жазады шетелдік БАҚ.