Пикассоның картинасы 140 млн. долларға сатылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пикассоның картинасы 140 млн. долларға сатылмақ

Пикассоның картинасы 140 млн. долларға сатылмақ

Christie's аукцион үйі Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» («О» нұсқасы) картинасын саудаға қояды. Еңбек $140 млн. бағаланды. Егер сатып алушы табылса, онда бұл картина тарихтағы ең қымбат өнер туындылардың біріне айналады, деп хабарлады Bloomberg.

  • 26 Наурыз 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz


1955 жылдың картинасы  11 мамырға жоспарланған «Взгляд вперед в прошлое» аукционы аясында сатылады.  Осыған дейін ол 1997 жылы аукционға қойылған. Ол кезде оның құны $31,9 миллионды құраған.

Картинада бір топ куртизанка бейнеленген. Пикассо оммаждың 15 нұсқасын жазған. Әрбірін А-дан О-ға дейінгі әліпби әріптерімен белгілеген. Christie's төрағасы Бретт Горвидің сөзіне қарағанда, соңғы  «О» нұсқасы" — бұл сериядағы үздік картина.