Ең ауқымды Боао азиялық форумы жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең ауқымды Боао азиялық форумы жұмысын бастады

Ең ауқымды Боао азиялық форумы жұмысын бастады

 Бүгін Хайнань аралында Боао азиялық форум-2015 жұмысын бастады. Оның тақырыбы «Азияның жаңа болашағы:  ортақ тағдыр қоғамдастығына қадам».

  • 26 Наурыз 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Биылғы форум өз тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Индонезия президенті Джоко Видодо, Непал президенті Рам Баран Ядав, Австралияның генерал-губернаторы Питер Косгроув, Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте, Замбия президенті Эдгар Лунгу, РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары  Игорь Шувалов — барлығы 16 қытайлық және шетелдік басшылар аталған жиынға қатысады. Түрлі елдерден келген министрлердің саны 80-нен асады, кәсіпкерлер де көп болады деп күтілуде.

Форумда ҚХР төрағасы  Си Цзиньпин баяндама оқиды.


Қызу талқыланатын тақырыптардың бірі  — Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ).  АИИБ  ережелері, қызметі және оның болашақ халықаралық қаржы тәртібіне тигізетін әсері сынды мәселелер үнемі БАҚ пен инсайдерлердің назарында болады.

«Бір белдеу — бір жол» жобасы да көпшіліктің қызығушылығын тудырады.