WTI мұнайының бағасы көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WTI мұнайының бағасы көтерілді

WTI мұнайының бағасы көтерілді

WTI мұнайы Нью-Йорк биржасында сәрсенбі күні $1,7 (өсім 3,58%) қымбаттады. Фьючерс келісімшарттары мамыр айында бір баррель үшін $49,21 бағасымен келісілген, деп хабарлады  ТАСС.

  • 26 Наурыз 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz


Континентаралық Лондон биржасында Brent қоспасын жеткізу бойынша фьючерс келісімдерінің мамыр айындағы келісімшарттардың бағасы $1,37 өсіп, бір баррель құны $56,48 дейін жетті.

Сарапшылар мұны доллардың құнсыздануымен түсіндірді.

Сондай-ақ, мұнайдың қымбаттауына, мамандардың пікірінше, бұрғылау мен АҚШ мұнай өндірісіне құйылатын инвестиция көлемінің қысқаруы, Йемендегі жағдайдың ушығуы АҚШ-та автомобиль қозғалысының көбейіп, сәйкесінше жанар-жағар майға деген сұраныстың артуы да әсер етті.