Апатқа ұшыраған А-320 ұшқыштары есінен танып қалғанға ұқсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған А-320 ұшқыштары есінен танып қалғанға ұқсайды

Апатқа ұшыраған А-320 ұшқыштары есінен танып қалғанға ұқсайды

Альпі тауларында апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағының ұшқыштары есінен танып қалған болуы мүмкін.

  • 26 Наурыз 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz


Финляндия Көлік қауіпсіздігі агенттігінің авиация бөлімі жетекшісі Пекка Хентту осындай пікір білдірді.
Сарапшының сөзіне қарағанда, мұндай тұжырым жасауға лайнердің «қара жәшігінен» алынған мәліметтер түрткі болып отыр.
«Қара жәшіктегі дауыстарға қарағанда, ұшқыштар есінен танып қалғанға ұқсайды, — деді П.Хентту телеарналардың біріне берген сұқбатында. – Ұшақ бірден құлдилап құламаған».
Оның айтуынша, ұшқыштар ара-арасында есін жиып, ұшақты қалпына келтіруге тырысқан сияқты. 
«Немесе автопилот тиісті биіктікті сақтауға «күш салған», — деді П.Хентту.
Испаниядан Германияға аттанған Germanwings компаниясына тиесілі А-320 ұшағы сейсенбі күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 144 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған.