Airbus A320 ұшағының ұшқышы апат алдында кабинадан шығып, қайта кіре алмай қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Airbus A320 ұшағының ұшқышы апат алдында кабинадан шығып, қайта кіре алмай қалған

Airbus A320 ұшағының ұшқышы апат алдында кабинадан шығып, қайта кіре алмай қалған

Сейсенбі күні Францияда апатқа ұшыраған Germanwings компаниясы ұшағының ұшқышы ұшақ құлар алдында ұшқыштар кабинасынан шығып, оған қайта кіре алмаған, деп хабарлады РИА Новости  New York Times газетіне сілтеме жасап.

  • 26 Наурыз 2015
  • 227
Фото - Caravan.kz

Басылым тергеуге қатысқандардың бірінің сөзін келтірген. Ол «қара жәшіктен» табылған ақпараттарға сілтеме жасаған. «Сыртта тұрған адам есікті сәл қаққан. Алайда жауап алмады. Кейін қаттырақ соқты. Алайда жауапсыз», — дейді маман.

Оның сөзіне қарағанда, жазба бойынша ұшқыштың есікті сындыруға әрекет жасағанын байқауға болады.

Алайда Lufthansa әуекомпаниясы бұл ақпаратты әзірге растай алмайтынын хабарлады. 


Germanwings әуекомпаниясының Airbus A320 ұшағы сейсенбі күні апатқа ұшыраған. Салдарынан 150 адам қаза тапты.