Ведомство ақпаратынша, Шет ауданы Ағадыр кентінде екі күндік жауын-шашын салдарынан жыралар толды, құбырлар мен Ағадырь-Ортау-Успен жолдары су астында қалды. 23 көшедегі 101 үйді су басты. «Қазіргі уақытта Ағадыр — Успен жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр», — делінген хабарламада.
Ал Қаражал қаласында 3 көп қабатты тұрғын үйді су басты.
Жаңаарқа ауданы Атасу стансасындағы 33 үй су астында қалу қаупі бар екені хабарланды. «Қауіпті аймақтан 41 адам шығарылды, мал да қауіпсіз жерге көшірілді. Судан арылту жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
Қарқаралы ауданының Матақ, Бүркітті, Қаракөл, Т.Әубәкіров атындағы ауылдарындағы үйлердің су астында қалу қаупі бар.