Алматыда академик Ғинаят Бекжанов өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда академик Ғинаят Бекжанов өмірден озды

Алматыда академик Ғинаят Бекжанов өмірден озды

Алматыда 2015 жылдың 24 наурызында 89 жасына қараған шағында ҚР Минералды ресурстар академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен  Халықаралық инженерлік академияның академигі Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжанов өмірден озды.

  • 26 Наурыз 2015
  • 551
Фото - Caravan.kz


Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең 27 наурызда таңертеңгі сағат 10:00-де «Ғалымдар үй» РМК кешенінде өтеді.

Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжанов 1927 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 1951 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын тәмамдап, инженер-геолог мамандығын алады. 1951-1961 жылдары Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясының отряд бастығы, бас геологы болып қызмет атқарады. Ал 1961-1973 жылдары Қазақ геофизика тресінің бас геологы, кейіннен бас инженері болады. 1973 жылдан 1997 жылға дейін Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институтын басқарады. 1987 жылдан «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994-1998 жылдары «Геология и разведка недр Казахстана» журналының редакторы болды. Ол Қазақ КСР-і (1972 жылы), КСРО (1984 жылы) Мемлекеттік және Қ.И. Сәтбаев атындағы (1991) сыйлықтардың лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендері және медальдармен марапатталған. 60 жыл өмірін ғылыми-өндірістік қызметке жұмсады. 280-нен астам ғылыми мақаланың және монографиялардың авторы.