ҚР-дағы сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия бюджеті шамамен 30 млн. теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-дағы сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия бюджеті шамамен 30 млн. теңгені құрайды

ҚР-дағы сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия бюджеті шамамен 30 млн. теңгені құрайды

«Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің бюджеті шамамен 30 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін аталған бірлестіктің төрағасы Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

  • 26 Наурыз 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Біздің бюджетіміз шамамен 20-30 млн. теңге мөлшерінде белгіленген. Дегенмен, бұл бюджеттің басым бөлігі байқаушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген арнайы нұсқаулық шығаруға жұмсалады. Сонымен қатар біз өзіміздің байқаушыларымызға арнап, шағын бейне ролик те шығаратын боламыз», — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұдан бөлек бюджет шығыстарына комиссия мүшелерінің өңірлерге іссапар шығындары, біркүндік тамақтануы және ұялы байланыс қоңырауларына арналған шығыстар кіреді.

«Бұл көп қаржы емес. Біз әрбір байқаушыға 3 мың теңгеден төлейміз. Қазіргі уақытта біздің іс-әрекетімізге қолдау білдіргісі келетін азаматтармен байланысқа шығудамыз әрі көмек бергісі келетін адамдар да бар. Өз ісімізді ертең ешқандай айыптаулар болмайтындай шынайы ниетпен атқарғымыз келеді», — деді Н.Ерімбетов.