Бір халық, бір ел, бір тағдыр. Бүгін осындай атаумен КТК арнасының жаңа жобасы көременге жол тартады. Кәсіби киногерлер мен атақты актерлер тарихтан сыр шертетін тың дүние дайындап шығарды. Қысқаметражды картина сұрапыл жылдарда Қазақстанға жер аударылған диаспоралар туралы. Қиын-қыстау кезеңдегі қазақ халқының қонақжайлығы әңгімеге арқау болмақ. Бірінші шағын фильм елімізге жер аударылған немістер жайлы.
<