Күдіктілер ауғанстандық героинді жол талғамайтын автокөліктің жүксалғышына жасырыпты. «Тауарды» өте мұқият жасырғаны сонша, иісшіл ит те іздеп таба алмаған. Олар осы бақандай 100 келіге жуық героин артқан көліктерімен 4 елдің шекарасын кесіп өтіп, Мәскеуге жеткізілуі керек болған екен. Героиннің қара нарықтағы құны 2 млрд теңгеден асады. Ресей мен қазақстандық құзырлы органдары бірлесіп өткізген арнайы іс шара кезінде қылмыскерлер Павлодар облысында қолға түсті.