АҚШ-та лаңкестік жасады деп айыпталған қос студент елге оралуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та лаңкестік жасады деп айыпталған қос студент елге оралуы мүмкін

АҚШ-та лаңкестік жасады деп айыпталған қос студент елге оралуы мүмкін

АҚШ-та істі болған екі қазақ студенті елге депортациялануы мүмкін. Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқовтың адвокаттары Бостондағы лаңкестікке олардың тікелей қатысы жоқ екеніне судьяның көзін жеткізген.

  • 27 Наурыз 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz

Енді адвокаттары абақтыда өткізген мерзім жаза ретінде есептелетініне келіссе, Диас пен Азамат бостандыққа шығады. Ал қоқыс жәшігіне тасталған Жоһар Царнаевтың сөмкесінің сотта дәлел бола алмайтынына судьяда да келісіпті. 2013 жылы АҚШ-қа оқуға кеткен екі отандасымыз Бостон марафонындағы лаңкестікке қатысы бар айғақтарды жойды деп қамауға алынған болатын. Тергеушілердің айтуынша, олар Царнаевтың бөлмесінен рюкзак, флеш-карта мен ноутбук және пиротехниканы алып шыққан. Енді қос отандасымыз темір тордан шыққан бетте Қазақстанға депортацияланбақ.