Қарағанды облысында ауыл клубының шатыры опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында ауыл клубының шатыры опырылып түсті

Қарағанды облысында ауыл клубының шатыры опырылып түсті

Мұстафин ауылындағы мәдениет ошағының төбесі Наурыз мерекесін тойлап болған соң құлаған. 

  • 27 Наурыз 2015
  • 216
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, апат қас пен көздің арасында болыпты. Төбедегі плиталар тура көрермен залына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. 1979 жылы салынған ғимараттың шатыры осыдан 9 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен екен. Дегенмен, одан үнемі су сорғалап тұратын дейді тұрғындар. Апат себебін енді арнайы комиссия анықтайтын болады. 

Шахвели Құрбанов, Ғ.Мұстафин ауылы әкімінің кеңесшісі
:

— Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Ғимаратты жөндеуге қаражатты аудан әкімдігінің қосалқы қорынан алатын боламыз. Тез арада қалыпқа келтіруге тырысамыз .