Шет ауданы аумағында мереке күндері толассыз жауын жауды. Наурыздың 24 -не қараған түні жылғалар мен тоғандардың арнасынан асқан қызыл су Ағадыр кенті мен Ортау, Өспен ауылдарына кірген. Бәрінен де қызыл судың зардабын Ағадыр тартты. Мұнда 100- ден астам үй мен қора-қопсы тізеден асатын судың астында қалды. Оқиға орнына 100-ге тарта құтқарушылар мен сарбаздар жұмылдырылып, тасқында қалып қойғандарға көмек берілген. Артынша үй-жайға енген қызыл суды сорып алу жұмыстары жүрді. Қырылған мал мен келген шығын көлемі саналып жатыр. Жалпы Қарағанды облысында су басу қаупі төніп тұрған елді-мекендер көп. Төтенше жағдай қызметі қазір сол жерлердің барлығына бақылау қойған.
Қуаныш Мұтталапов. Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
— Қарағанды облысындағы Жаңарқа, Шет, Қаражал Қаласы, Қарқаралы аудандарында су басу қаупі бар және су басқан оқиғалар тіркелді. Суларды сыртқа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша құм себіліп су басқан аумақтарданадамдар мен малдар эвакуацияланып жатыр.