Президент тағынан үмітті кандидаттар үгіт- насихатқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент тағынан үмітті кандидаттар үгіт- насихатқа кірісті

Президент тағынан үмітті кандидаттар үгіт- насихатқа кірісті

Елімізде бүгінен бастап сайлаудың екінші кезеңі яғни үгіт-насихат жұмыстары басталды. Сайлаушыларымен кездесіп, үгіт жүргізуге 27 үміткердің ішінен 3 кандидат - қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, коммунист Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов рұқсат алды. Яғни, таққа талас осы үш адамның арасында өтетін болды. Президент болғысы келетін кандидаттардың жақтаушылары бүгін жұртты дауыс беруге шақырып  қолдау жиындарын өткізді.

  • 27 Наурыз 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Үгіт –насихат жұмыстарын асыға күтіп отырса керек, бүгін кандидаттар дереу іске кірісті. «Нұр Отанның» атынан ұсынылған үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың мыңдаған жақтаушылары да бұл күнді құр жіберген жоқ. Алаулатып жалаулатып, ән айтып, қазіргі мемлекет басшысын қолдауға шақырып жатыр.

Қызыл туларын желбіреткен коммунистер де, қарсыластарынан қалысар емес. Тақтан үмітті 67 жастағы Тұрғын Сыздықов өзі бастап, көлікпен еліміздің 6 қаласын аралауға аттанды. Осыған дейін белгісіздеу боп келген коммунист Сыздықов уәдені үйіп төгуде. Билік қолына тисе, қарапайым жұмысшылардың мүддесін қорғап, қазба байлықтарынан түскен пайданы халыққа бөліп бермек. 

—   Жамбыл Ахметбеков,  Қазақстан коммунистік халық партиясы қоғамдық штабының мүшесі:

 —  Алға қойған мақсаттарымыз үлкен. Осы сайлауда жеңіске жетеміз деп сенімдеміз.

Күтпеген жерден таққа таласуға шыққан Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов та тыныш жатқан жоқ. Президент болғысы келетін ол да қазір облыстарды аралауға шықты. Өз кезегінде Орталық Сайлау комиссиясы бүгін кандидаттарға электоратқа сыйлық беріп дауыс беруге үгіттеу заңға қайшы екенін түсіндірді. Ал үміткерлердің телеарна, газет, радиода өзін жарнамалау үшін яғни үгітке республикалық бюджеттен әрқайсысына 7 миллион теңгеден бөлінеді.

Бақыт Мелдешов, Орталық Сайлау комиссиясының хатшысы:

—  Кандидатқа партиялар қаражат бөлуге мүмкіндігі беріледі. 149 млн 548 теңге. Әр азамат кандидаттарға өз ақшаларын беруге құқысы бар. Сомасы 320 млн 460 мың теңгеден аспауы керек. Жалпы айтқанда әр кандидаттың сайлау қоры 576 млн 828 мың теңге мөлшерінде  болуы керек. Одан аспауы керек.

—  Қазір 9 жарым миллионға жуық сайлау бюллетендері әзірленіп, облыстарға таратылып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың екі қарсыласы да өздерінің  жеңіске жеңетініне сеніп отырған жоқ. Алайда, коммунист Тұрғын Сыздықов кәсіподақ басшысы Әбілғазы Құсайыновты басып озып, екінші орынға шықпақ ниетте. Ал, әзірге еліміздің барлық өңірінде кандидаттар туралы мынадай плакаттар ілініп жатыр. Ал үгіт-насихат тура бір айға созылады.