Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

Қытайда Қазақстан азаматтары отырған автобус апатқа ұшырап, 2 адам мерт болды. Тағы 19 азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жолаушыға лық толы көлік Семейден Үрімшіге бағыт алған екен.

  • 27 Наурыз 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

— Көк бауыры мен ішектері  езіліп кеткен. Операция жасадық.

Оқыс оқиға Қытай жерінде болған. Автобус осы елдің компаниясына тиесілі. Мына кадрларды жол-көлік оқиғасынан аман қалған жолаушылар түсіріп жіберді. Жапа шеккендердің дені Қазақстан азаматтары. Куәгерлердің сөзінше, автобус жолдың қарсы бетіне шығып, жеңіл машинамен соқтығысқан. 2 отандасымыз сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. 19 адам Зимунай елді-мекеніндегі ауруханаға жатқызылды. Арасында көрші елде білім алып жүрген студенттер де бар. Зардап шеккендер автобус иелерінің әрекетіне наразы. Айтуларынша, көлік компаниясының өкілі ешбір аудармашысыз әлдебір құжаттарға жолаушылардың қолын қойғызбақ болып жүр екен.

Құрмангүл Оразбаева, Семей қаласының тұрғыны:

— Күнде бір қағаздарды алып келіп қол қойыңдар деп мезі етті. Қытай тілін шала-шарпы білетін біреу оқып еді, онда «бар жауапкершілік жолаушыларға жүктеледі» деп жазылған екен. Біздің үкімет тарапынан жәрдем болса дейміз. Аудармашы мен заңгердің көмегі керек.