«Адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 70 шақты адам туыстарының үйін паналады», — деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда үйлердің аулалары мен жер төлелеріндегі суды сорып алу жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдай салдарын жоюға 40 адам мен 4 дана техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.