Мемлекет көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие ұсынбақ

Мемлекет көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие ұсынбақ

 ҚР Үкіметі автокөлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несиелеуге қаржы бөлмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

  • 27 Наурыз 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудан болатын жетістіктер мәселесіне тоқталған ол: «Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі», — деді министрдің орынбасары.

Осы орайда ол бұл мақсатта 15 млрд. теңге бөлінетіндігін атап өтті. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді.


 «Әрине, көліктердің құны мен саны тұтынушының қандай модель мен оның құрамдануын таңдауына байланысты болады», — деп атап өтті вице-министр.