Отанына «Маз» көлігімен кетіп бара жатқан ресейлік азаматты Павлодар облысының шекара жасағы ұстады, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.
Оның қолында тиісті құжаттары болмаған.
Дәл сол күні қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» бекетінде 29 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Одан 330 бөьелке алкоголь өнімі тәркіленді.
Аталған фактілер жөнінде құқық қорғау орындарына хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.