Сенбі күні Алматыда «Қазатомөндіріс» басшысы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.
Қоштасу рәсімі Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында өтеді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Н.Қаппаров бейсенбі күні Қытайға іс-сапары барысында қайтыс болды. Тірі болса 30-наурызда ол 45 жасқа толуы тиіс болатын.