Күмәнді салық төлеушілерді айқындайтын сараптамалық тәсілдер енгізу көзделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күмәнді салық төлеушілерді айқындайтын сараптамалық тәсілдер енгізу көзделеді

Күмәнді салық төлеушілерді айқындайтын сараптамалық тәсілдер енгізу көзделеді

 Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті тәуекелдерді басқару жүйесінде күмәнді салық төлеушілерді айқындау үшін сараптамалық тәсілдерді енгізуді жоспарлайды.

  • 27 Наурыз 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін мемлекеттік органдардың салықтық тексерулер тәртібіне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі Эльдар Мамлин айтты. Дөңлегек үстел жиынына ірі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер қатысқан болатын.

«Ағымдағы жылы біз тәуекелдерді басқару жүйесін белсенді түрде дамытуды жалғастыратын боламыз, тәуекелдерді қамту аумағы кеңейеді, оған қатысты салық төлеушілер санаты да түрленеді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда тәуекелдерді басқару жүйесінің аналитикалық-талдау бағытын дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Мұндай сараптамалық тәсілді енгізудегі мақсат — күрделі математикалық және логикалық аппаратты, алгоритмдерді пайдалана отырып, салық төлеушілердің заңдылықты жасыруын, күмәнді әрекеттері мен әлеуметтік байланыстарын айқындау болып табылады», — дейді Э.Мамлин.

Оның айтуынша, жаңа тәсіл аясында кеден және салық органдарында жиналатын мәліметтер  статистикалық зерттеулерді кеңірек қамтитын арнайы бағдарламалар арқылы сараптамадан өтеді. Сол бойынша күмәнді салық төлеушілер айқындалатын болады.