Бұл туралы британдық БАҚ мәлімдеді.
Сайыс кеше кешкісін екі саясаткер арасында болды. Олар журналист Джереми Пэксменнің сұрағына жауап берді.
"Гардиан" газеті мен ICM компаниясы ұйымдастырған көрермендер сауалнамасының қорытындысы бойынша 54% адам Д.Кэмерон сенімдірек шыққанын айтқан, 46%-ы Э.Милибэндті жақтап дауыс берді.
Ұлыбританияда парламент сайлауы 7 мамырға белгіленген.