Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қостанай бизнесі жұмысшы кадрларға тапшы екенін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қостанай бизнесі жұмысшы кадрларға тапшы екенін айтады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қостанай бизнесі жұмысшы кадрларға тапшы екенін айтады

Қостанай облысының қазақстандық кәсіпорындары жұмысшы мамандығы кадрларына тапшы болып отыр.

  • 27 Наурыз 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы аймақтық Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.
Ұлттық палата Қостанай облысы кәсіпорындарының кадрлармен қамтамасыз етілуін тексерді.
«Біз бір жарым ай бойы үлкен шаруа атқардық. Біз аймақта инвестициялық жобалар жүзеге асыратын түрлі сала кәсіпорындарына сауалнама жүргіздік. Ірі және орта кәсіпорындарға басты назар аудардық. Сауалнама кәсіпорындарға дәнекерлеушілер, трактористер, тас қалаушылар және өзге жұмысшы мамандар қажет екенін көрсетті. 2015-2017 жылдар аралығында жылына 300-ге жуық дәнекерлеуші қажет болады. Астық жинаушылар, құрылыс-жол жұмысына жалданбалы жұмысшыларға да сұраныс бар», дейді сұхбаттасушылар.
2015-2017 жылдары Қостанай облысында орташа кәсіби білімі бар мамандарға қажеттілік 12 мыңнан астам адамды құрайды. Ауылшаруашылық кәсіпорындарда да жұмыс күшіне деген сұраныс көп.
ҰКП пікірінше, жұмысшы мамандардың тапшылығына түлектердің ауылға оралуға құлықсыздығы себеп болып отыр.