ШҚО-да автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да автобус апатқа ұшырады

ШҚО-да автобус апатқа ұшырады

 ШҚО-ның Үржар ауданындағы «Таскелен-Бақты» күре жолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан «Алматы-Мақаншы-Қабанбай» бағытымен келе жатқан автобус аударылды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

  • 30 Наурыз 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz


Автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 18 адам жарақат алып, 4 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың есімдері анықталуда. Оқиға орнында ТЖБ, «ӨСжАҚЖ» ММ, АІІБ,жедел медициналық жәрдем қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.