Бұл туралы Ақжарқынның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.
Гуанчжоу провинциясында өтетін сот отырысына Қазақстаннан оның анасы Зухра мен қорғаушысы қатысады. Қорғаушының айтуынша, сот процесі ашық өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты.
1 жылдан бері Ақжарқын Қытайдағы уақытша тергеу изоляторында жатыр. Анасы қызын біреулер алдап кеткенін айтады.
Ақжарқынның құқығын Қытайда екі, Қазақстанда 1 адвокат қорғап жүр.