Қазақстан және Ресей зиялылары Астанадағы форумда бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресей зиялылары Астанадағы форумда бас қосты

Қазақстан және Ресей зиялылары Астанадағы форумда бас қосты

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының кітапханасында «Бейбітшілік пен жасампаздық диалогы» атты Қазақстан мен Ресей зиялылары форумы өтті.

  • 30 Наурыз 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

Іс-шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстан азаматтық альянсы», «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығы (Қазақстан Республикасы), «Север-Юг» саяси орталығы (Ресей Федерациясы), «Еуразиялық зерттеулер институты» даму қоры (Ресей Федерациясы) ұйымдастырды.

Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары, қоғамдық және ардагерлік ұйымдардың жетекшілері, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен танымал қоғам және саяси қайраткерлері қатысты.

Сарапшылар қазақстандық экономиканың көптеген сындарға төтеп беруге қауқарлы екендігін атап өтті. Бұл ең бірінші Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты — «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында.

«Қазақстан экономикасының даму жоспары бүгінде геосаяси және стратегиялық талаптарға толық жауап береді. Себебі ең мықты мемлекеттер ғана болашаққа нық сеніммен қарайды. Тек ең мықты көшбасшылар ғана елді онжылдаған дамуға алып жүре алады. Қолда бар технологияларға және елдегі халықтар мәдениетінің ықпалдастығы негізінде құрылған, әрбір отбасыға қолдау жасайтын, әрбір азаматқа бастамашыл болуға мүмкіндік беретін Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты — Қазақстанға осынау үлкен құрлықта өзінің жоғары орнын  сақтауға мүмкіндік береді», — дейді РФ-ның Госдума депутаты Максим Шингаркин.

Кездесу қатысушылары Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы сәтті тәжірибесіне ерекше тоқталды.


Жалпы, жиында «Қазақстан-2050» стратегиясын одан әрі іске асыру Қазақстанға экономикасының даму қарқынын сақтап, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкінідк береді деген ортақ пікір айтылды.