қазіргі уақытта бұл тақырып сарапшылар зерттейтін тақырып, деді РФ бірінші вице-премьері Игорь Шувалов.
«РФ президенті валюта одағын құру ықтималдығының барлық буынын қарастыруды тапсырды», — деп И.Шувалов «Россия 24» телеарнасымен болған сұхбатында мәлімдей отырып, бұл осындай одақ құру үрдісін іске қосу деген сөз емес екенін атап өтті.
Оның айтуынша, басқа валюта одақтарының, ең алдымен ЕО-ның тәжірибесін зерделеу қажет. ЕАЭО елдері инфляция бойынша мақсатты көрсеткішке, ұлттық валюта тұрақтылығына қол жетпеген немесе ұлттық банктердің қызметін үйлестірумен шектелу қажет болған кезде валюталық-монетарлық одаққа көшуге дайын ба, жоқ па екенін түсіну қажет.
«Валюталық-монетарлық одақ бойынша оңы мен терісін таразылап, диалог жүргіземіз және жоғарғы басшылыққа қандай да бір шынайы толықтыру болатынын баяндаймыз. Әзірге бұл сарапшылардың жұмысы», — дейді И.Шувалов.
«Асығып, шалыс баспау қажет», — дейді бірінші вице-премьер.