Елорда әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Елорда әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Елорда әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 30 Наурыз 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Аппараттық жиын барысында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа кадрлық тағайындауларды жария етті.

Қала басшысы Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа  басшысын, бұған дейін ТЖД басшысының орынбасары қызметін атқарған Барат Дұзақпаевты таныстырды.

Қайрат Көпбаев Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» корпоративтік қорының бас директорын олимпиада чемпионы Владимир Смирнов пен бас менеджер Лашын Айтмағанбетовты таныстырды.