Астана іргесіндегі ауыл қоқыс төгетін алаңға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана іргесіндегі ауыл  қоқыс төгетін алаңға айналды

Астана іргесіндегі ауыл қоқыс төгетін алаңға айналды

Қоқыс полигонының зардабын Астана іргесіндегі ауыл тұрғындары да тартып отыр. Тек мұнда мұнай емес, тұрмыстық қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Тайтөбе тұрғындарының шағым айтып қақпаған есігі жоқ. Жергілікті биліктен күдерін үзген жұрт енді Бас прокуратурадан араша сұрауд

  • 31 Наурыз 2015
  • 436
Фото - Caravan.kz

Астана іргесіндегі Тайтөбе ауылы тұрғындарының мына тау болып үйілген қоқыстармен күресіп жүргеніне осымен 4-ші жыл. Аумағы 9 гектер полигонға Елорданың бар қоқысы төгіліп жатыр. Ал зардабын 200 метр жердегі ауыл жұрты тартуда. Күн жылынса болды, Тайтөбеде тыныстау мүмкін емес.

Амангелді Рақышев, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

-Қысты гүні, сіз өзіңіз орамал байлап тұрсыз мына жер сасып тұр міне. Қазір күн жылыған соң сасық масық, ит дейсіз бе құс дейсіз бе…бәрі осы алдындағы әкеледі, «Лесной поляна» әкеледі, қалаға шейін келіп жатыр.

Қоқыс төгетін орынды облыс басшылары биыл заңды түрде жабуға шешім шығарған. Бірақ қоқыс төгу әлі тоқтар емес. Тұрмыстық қалдық былай тұрсын, мұнда өлген жан-жануарлардың өлексесі шашылып жатыр. Маңайдың барлығы қаптаған құзғын. Ең сорақысы жолға дейін шашылатын сол қоқысты әкімдік оқушыларға жинатады деп отыр тұрғындар.

Еркін Байгелдин, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

-Осының бәрін мектептің  балаларына жинатады. Балалар жинайды, қолдарына қолғап ештеме бермейді. Олар бәрін қолымен ұстайды. Ертең біреу ауырып қалса, эпидемия кетсе не болады. Мынаны көру үшін эколог болу міндетті емес.


Ал, қоқыс алаңына жауапты коммуналдық қызмет тұрғындардың өздерін кінәлап әлек. Айтуларынша, жол жиегіне қоқыс шашатын сол ауылдықтардың өзі екен.

Болатжан Жоламанов, «Қосшы коммуналдық қызметі» кәсіпорнының директоры:

-Полигонның маңына кеп тастай салады. Асфальттың жанына кеп, машинамен өтіп бара жатып тастай салады.Енді аңдисың, аңдығанда не істейсің. Біз 24 сағат далада отыра алмаймыз ғой. Әркімнің өз шаруасы бар. Ал ол кісілер ақша төлемей, тастап кетеді.

Дегенмен, шенеуніктер бұл полигонның көзін көпке ұзамай жоямыз деп сендірді. Ауылдан алысырақ жерден 6 гектер жерді бөліп те қойыпты. Мына тұрған техниканың бәрі енді жыл соңына дейін ескі қоқыстың көзін жоюы керек екен. Атқамінерлерге тек тұрғындар сенген жоқ. Бұл жолы да уәде сөз жүзінде қалса, Бас прокуратураға шағымбанбақшы.