Маңғыстау жұрты құмды дауылдың астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау жұрты құмды дауылдың астында қалды

Маңғыстау жұрты құмды дауылдың астында қалды

Ал Маңғыстау жұртын құмды дауыл есеңгіретіп тастады. Өңірде осымен екінші күн - дүлей желмен көтерілген шаң-тозаңнан қарыс жерді көру мұң. Тіпті дауыл екпініне шыдамай жолаушыға лық толы автобустың өзі төңкеліріп түсті.

  • 31 Наурыз 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Соңғы кезде мұндай дауылдар Маңғыстауда қалыпты жағдайға айналған. Десе де бұл жолғы желдің қарқыны қатты. Дүлей дауылдан көтерілген құмның кесірінен көлік қозғалысы шектеліп, Ақтау әуежайының жұмысы да тұралап тұр. Тас жолдарда көліктер тек колоннамен жіберіліп жатыр. Соған қарамастан апаттың алдын алу мүмкін болмады. Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген автобус дүлей желдің екпініне шыдамай аударылған. Салдарынан бірнеше адам жараланды. Сондай-ақ дауыл Құрық ауылындағы мектептің шатырын ұшырып әкеткен. Синоптиктер де көңіл көншітетін болжам айта қоймады. Екі күннен бері тыншымаған дауылдың ертең де басыла қоюы екіталай. Сондықтан шұғыл қызмет өкілдерінің барлығы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.